Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот шешімі қашан шығатыны белгілі болды

Бүгiн, 11:44 268

Өткен аптада полицияға жеткізілген әнші Алмас Кішкенбаевқа қашан сот шешімі шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Tengrinews.kz мәліметінше, бүгін түстен кейін сот Алмас Кішкенбаевқа қатысты шешім қабылдайды. Сөз әкімшілік бап, яғни ұсақ бұзақылық туралы болып отыр.

Айта кетейік, 2007 жылғы бала кешкі тоғыз шамасында үш бөтелке сыраны жеткізу туралы тапсырыс алған. Ол дүкенге кіріп, сыраны алып, тапсырыс берген адамға апарып берген. 

17 жастағы баланың сөзінше, сыраға 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Тапсырыш беруші алкогольді алып, артынша курьерге бірге отырып ішуді ұсынған. Одан бөлек, ер адам кәмелетке томаған баланың интимдік жерлерінен ұстамақ болған. Курьер бірден өз үйіне кетіп қалып, бәрін әкесіне айтып берген. Ал әкесі бұл жайт туралы полицейлерге хабарлаған. Полицейлер тексеріс жүргізу үшін пәтерге барып, тапсырыс берген адамды бөлімшеге алып кеткен. Күдіктінің аты – Алмас Кішкенбаев, - дейді Михаил Козачков телеграм арнасында

Полиция әкесінің кәмелетке толмаған ұлын қорлау туралы өтініші бойынша тексеру жүргізді. Полицияға барлық мән-жайларды анықтау үшін К. есімді азамат жеткізілген еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: