Қалмұқан Исабай: "Абай үнiн таспаға түсiрiп алдым да Гете мұражайына табыс еттiм"

31 Шілде 2014, 06:47

Қалмұқан Исабай, Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы.

Қалмұқан Исабай, Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы.

Сiз 1943 – 1954 жылдар аралығында Германияда əскери қызметте болдыңыз. Осы уақыт аралығында бiр қалада ко-мендант болған көрiнесiз. Соған қарағанда Сiз немiс тiлiн жақсы бiлген болдыңыз ғой.

– 1943 жылдың қаңтарында əскерге алындым. Əрине, бiрден майданға барып кiргiзе салған жоқ. Əскери өнерге баулыды. Со-дан 1944 жылы Румынияның шекарасында үлкен əскери опера-ция болды. Соған араластық. Үнемi алғы шепте жүрдiк. Əрбiр операцияда Кеңес əскерi жеңiске жетiп отырды. Румыниядан соң Венгрия, Чехословакия елдерiн азат еттiк. 1945 жылдың 28 сəуi-рi күнi жаралы болдым. Көп ұзамай соғыс бiтiп, Германиядағы əскердi қысқарта бастады. Соғыс өнерiн меңгерген əрi қыл-шылдаған жастарды əскер қатарында алып қалып, ұлан-байтақ елiмiздiң түкпiр-түкпiрiне шашып тастады. Менi Түркiменияға жiбердi. Ол жерде екi жылдай қызмет атқарған соң қайтадан Германияға ауыстырды. Сол елде 1954 жылдың желтоқсан айына дейiн қызмет еттiм.

Сонда қандай қызмет атқардыңыз?

– Германия екiге бөлiндi. Арасына шекара қойылды. ГДР-да үкiмет, əскер болмады. Бiздi сол шекараның төрт жерiнен ашылған бақылау бекеттерiне қойды. Адам да, көлiк те, пойыз да тек сол бекеттерден өтуi тиiс. Варта деген сондай бекеттiң бiрiне менi комендант етiп тағайындады. Мiндетiмiз – шекарада болып жатқан оқиғаларды орталыққа жеткiзiп отыру.

Биыл Ұлы Жеңiске 60 жыл толып отыр. Алматы қала-сында жəне оның əрбiр аудандарында Ардагерлер кеңесi бар. Солармен байланыстарыңыз қалай?

– Ондай Кеңестiң барынан хабардармын. Олар бiздi жылдап iздемейдi де. Аудандық əкiмшiлiктiң төңiрегiнен шықпайтын бiраз қарттар бар. Əкiмшiлiк соларды жақсы бiледi. Бiр жаққа жолдама берсе, соларға бередi. Сыйлық, марапат та солардан артылмайды. Өзi iзденбеген адамды олар да елемейдi.

– «Жыламаған балаға емшек бермейдiнiң» керi десеңiзшi...

– Иə, мысалы мен Медеу ауданында тұрамын. Бiрақ өз ауданымыздың əкiмшiлiгi бiздiң бар-жоғымыздан бейхабар. Ал басқа ауданның Ардагерлер кеңесi телефон арқылы хабарласып, түрлi жиын, кештерге шақырып жатады. Негiзi, мен ардагерлердi екi топқа бөлемiн. Бiрiншiсi – қолына қару алып, соғысқандар. Екiншiсi – əрi соғысқа қатысып, əрi соғыстан кейiн де қаруды қаламға айырбастап, 60 жыл бойы қазақ халқының ерлiгiн, оның батыр ұлдарын жете насихаттап келе жатқан қаламгерлер. Олар – бiздер, əскери жазушылар. Бiздi ешкiм керек етпейдi. Ал бiр бұтаның түбiнде жатып соғысқанын қайта-қайта айта беретiндердi шақыра бередi, шақыра бередi. Ол тақырып сары-лып бiттi. Қазiр ерлiктi басқа қырынан насихаттау керек.

– 1961 жылы су арнасы өтетiн жерлермен 500 шақырым жаяу жүрiп, «Арман арнасымен» деген күнделiк кiтап жа-зыпсыз. Бұған не түрткi болды?

– 1959 жылы «Баян» атты тұңғыш əңгiмелер жинағым жарық көрдi. Сол кiтаптың бiр данасын Қаныш Сəтбаевқа алып барып берейiншi деген ой келдi. Қабылдауына кiрiп едiм, балаша жорғалады да қалды. Керiсiнше, мен жорғалауым керек емес пе едi?! Сосын «Не жазып жүрсiз?» деп сауалды төтесiнен қойды. Бұл – сол уақта Мұхтар Əуезовтерге қойылатын сұрақ. Əрi мұндай сауалға дайын да емес едiм. Дағдарып қалдым. «Қаныш аға, соғысқа қатысқаным бар. 12 жыл əскерде қызмет еткенiм бар» деп едiм, «Оны қойшы, əрқайсысы бiр-бiр кiтап болар. Сен əлi жассың ғой. Не жазбақ ойыңда бар?» дедi. Мен тiл қата алмай, отырдым да қалдым. Ол сынай қарап отырып: «Менiңше, халық неге мүдделi, сол жөнiнде жазу керек» дедi. Мен сол кезде халық неге мүдделi екенiн де бiлмеймiн. Бiрақ басымды изей беремiн. Сосын «Ертең осында жиналыс болады. Сен соған келшi» дедi. Сөйттi де хатшысын шақырып алып: «Ертеңгi жиналыстың президумына мына жазушыны да кiргiз» деп бұйрық бердi. Ертесiне əлгi жиналысқа қатыстым. Сөйтсем, Ертiс-Қарағанды каналының құрылысы жетi жылдық жоспарға енейiн деп тұрғанда бiреулер арыз жазып, қарсы шығыпты. Оны-мен қоймай, газеттерге мақала берiптi. Сол жалған ақпаратты əшкерелеп, каналдың өте зəру екендiгiн дəлелдеу үшiн болып жатқан жиын екен бұл. Протокол, стенограмма жазылды. Жина-лыс бiткен соң Қанекеңе жолығып едiм. Ол «Осы жиналыстың материалы саған керегi жоқ па?» дедi. Мен сұраудың орнына оның өзi айтып тұрғанына тағы да ұялып қалдым. Сасқанымнан «Артық болмас едi» деппiн. Хатшыға айтып, көшiрмесiн бердi. Қанекеңнiң бұл маған «Осы құрылысқа қатыс» деген емеурiнi-ау деп түсiндiм. Содан су арнасы өтетiн жерлермен жүрiп өттiм. Жете таныстым.

Осы Павлодар мен Қарағандының арасын неше күнде жүрiп өттiңiз?

– Тура бiр ай жүрдiм. Тамыздың екiсi күнi Ертiстен шығып, қыркүйектiң бiрi күнi Қарағандыда болдым.

Сiз Абайдың «Қараңғы түнде тау қалқып» деген өлеңiн мəрмəр тасқа қашатып, Гетенiң Илменаудағы мұражайы-на қойыпсыз жəне осы сөзге жазылған Абай əнiн таспаға түсiрiп, табыс етiпсiз. Бұған қалай қол жеткiздiңiз?

– 1949 жылы Гетенiң туғанына 200 жыл толды. Əбден күйреп жеңiлген Германияның той өткiзуге материалдық та, рухани да шамасы жоқ едi. Сондықтан мерейтойды өткiзудi Кеңес Ода-ғы өз мойнына алды. Сөйтiп, осы қайырымдылығымен немiс халқының ынта-ықыласын, пейiл-ниетiн жаулап, өзiне тарт-ты. Гетенiң ең үлкен мұражайы сол жылы Ваймер қаласында ашылды. Бұл рəсiмге бүкiл немiс халқы жиналды. Əрине, мен де бардым. Үш қабатты мұражайдың iшi-сыртын түгел ара-ладым. «Шiркiн-ай, Гетенiң Абай аудармасын тақтаға жазып, iлiп қояр ма едi!» деген ой сонда келдi. Сол ойдың жетегiмен отыз жыл жүрдiм. Содан бiр күнi əлгi өлеңдi мəрмəр тасқа қашатып, Абай əнiн таспаға түсiрiп алдым да Гете мұражайының қызметкерлерiне табыс еттiм.

Бұл шараның жүзеге асуына екi мемлекет басшылығы немесе мəдениет министрлiктерi араласты ма?

– Жоқ. Бəрiн өзiм тындырдым. Өйткенi ол мұражайдың қызметкерлерi кезiнде қол астымда қызмет iстеген жiгiттер ғой. Айтқандай, ол мұражайда мен өзiм салған Абайдың суретi жəне қазақтың киелi домбырасы да тұр. Домбырада немiс жəне орыс тiлдерiнде былай деп жазылған: «Гетенiң Азиядағы тұңғыш аудармашысы, ақын əрi композитор Абай мына аспапта ойнап, «Түнгi кезбенiң əнiне» саз шығарған».

Ол жəдiгерлер əлi күнге дейiн бар ма?

– Жоқ, өйткенi мемлекеттiк жүйе, адамдардың сана-сезiмi түгел өзгердi. Мұражайға келген жаңа мамандар: «Мына тақта неге тұр? Мына сурет, аспап неге тұр?» деп алдырып тастаған. Бiрақ олар оның алдында Семейге хабарласқан көрiнедi. Сөйт-се, Абай қоры мен мұражайындағылар: «Бұған бiздiң қатысы-мыз жоқ. Ол бiр жеке адамның тiрлiгi» деп немқұрайлы жауап берiптi.

Берлинде Абай көшесi бар екен. Бұл жөнiнде не айтасыз?

– Иə, бар. Кезiнде Алмания Федеративтiк Республикасының президентi Роман Херцогпен кездесiп, Берлиннен 2000 жылы Абай көшесiн ашуға да қол жеткiздiк.

Шоң би туралы шығармаңызды оқырмандар жылы қабылдады. Осы тақырыпты толық қамтып болдым деп ойлайсыз ба? Қолыңыз кiсендеулi кезде жаза алмаған тұс-тарыңыз бар шығар?

– 1975 жылы Шоң би туралы повесть жаздым. Бiрақ ол туралы көп қыңыр сөз болды. «Қайдағы бiр феодалды тауып алыпсың» деген солақай сыншылар да шықты. Бiрақ Шоң би олар айтқандай феодал емес едi. Мəселен, қазақтың орта жүзi сегiз округке, ал кiшi жүзi төрт округке бөлiнген. Ол кезде ұлы жүз Қоқан хандығына қарайтын. Сонда əлгi он екi округтың он бiрiн Шыңғысханның ұрпағы билеген. Тек қарадан шыққан Шоң би ғана бiр округты басқарған. Басқа билердiң барлығы генерал-губернаторға пара берiп, сый-сыяпат жасап отырған. Ал Шоң би ондай iзеттiң бiрiн де жасамаған. Бұл деректердiң барлығы мұрағатта бар. Шоң Баянауыл төңiрегiнен төрелердi аластаған екен. Содан олар Шоң биге əбден өштесiп алады. Жылқыларын барымталап кетедi. Қысқасы, қолдан келген қастандықтарын жасап бағады. Ашуға мiнген Шоң би генерал-губернаторларға хат жазып, казак-орыстардан құралған қарулы жасақ алдырады екен. Олар жайлауды күзетедi. Сол жасақтың офицерi Шоң бидiң төңiрегiнде не болып жатыр, сол туралы генерал-губернатор-ға əрбiр он күн сайын рапорт берiп отырған. Сол құжаттардың бəрi бiздiң мұрағатта тұр. Мен олардың барлығымен танысып, «Шоң би» деген трилогия жаздым. Көлемi 50 баспа табақтан асады. Қазiр ол дүниенi «Елорда» баспасына тапсырдым. Көп ұзамай жарық көрiп қалады.

Қазақта «жер дауы», «жесiр дауы», «сайлау дауы» деген даулар күн тəртiбiнен түскен емес. Ендi бiз əкiм сайлауын өткiзгелi отырмыз. Осы сайлауға көзқарасыңыз қалай?

– Егер əкiмдi халықтың өзi сайласа, сонда əдiлеттi болады. Əрi əкiм де елге тəуелдi болады. Халықтың мұң-мұқтажын жоқтайды. Олардың пiкiрiмен санасады.

Оныңыз дұрыс. Бiрақ қазақтың жүзге, руға бөлiнетiнi бар ғой. Бiр ауылда қай ру көп болса, солардың мерейi үстем болып кетпей ме?

– Сөз жоқ. Ол дерттен бiз əлi құтыла қоймадық. Шоң би аға сұлтан болмастан бұрын, Сүйiндiктiң төрт ұлынан тараған ұрпақтан «Төртұлы» деген қоғам құрған. Сондай-ақ, оны ұсақтауға тыйым салған. Ешкiм соңғы аталарын атап, бөлiнуге мұрсат бермеген. 1841 жылы Ресейден карта шығыпты. Сол картада Баянауылдың жерiн «Төртұлының жерi» деп жазып қойған. Яғни, сол кездегi орыс үкiметiнiң өзi Шоңның одағын мойындаған.

Бұл одақтың қазiргi сайлауға қандай байланысын айт-қалы отырсыз?

– Шоң би өз заманында елдiң бөлiнуiне, ру-руға шашылмауы-на қалай жол бермесе, қазiргi əкiмдер де солай əрекет жасаула-ры қажет. Қазақтың «Бөлiнгендi бөрi жейдi» деген қағидасын ұстанулары керек.

Əңгiмеңiзге рақмет

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, «Ағынан жарылсақ» 

Бөлісу: