Алкоголь өнімін шығаратын 3 жасырын цех анықталды

15 Тамыз 2022, 15:26 1345

5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ тәркіленді

ҚМА Түркістан облысы бойынша департаментімен жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын цехтардың жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында бір топ азаматтар Түркістан облысы және Шымкент қаласында орналасқан қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша 3 жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырып, заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқан. 

Цехтарда жүргізілген тінту кезінде 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркалары, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба анықталып, тәркіленді. 

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Бөлісу: