Алкоголь ішкеннен кейін ағза қанша күнде қалыпқа келеді

7 Желтоқсан 2023, 16:15 2973

Жаңа жылға бірер апта ғана қалды, тиісінше жақында ұжымдық мерекелік кештер көбейеді деген сөз. Алкогольдің зияны туралы көпшілік біледі, дегенмен мерекелік кештерде сол зиянын ұмытып, шамадан тыс асырып жіберетіндер де бар. Ендеше мұндай жағдайда ағзаның қалыпқа келуі үшін не істеу керек екенін  El.kz ақпарат агенттігі сараптап көрді.

Хусейн Ахмат есімді дәрігердің айтуынша, алкогольдік өнімдерді араластырып ішу метаболизмді баяулатып, ішімдіктің ағзадан шығуын тежейді. Спирттік ішімдік ағзадан толық шығып кеткенше 12 сағат қажет болуы мүмкін.

Егер бір ғана сусынмен қанағаттансаңыз, онда ағзаңызға 2-3 сағат қана қажет болады, – дейді ол.

Сөйте тұра алкоголь қан айналымынан шыққан соң да ағзаның өзіне жүйесіне барады. Толық тазаруға тәулік керек болуы неғайбыл.

Отырыс кезінде тойып тамақтанудың да пайдасы бар екен, себебі тоқтық спирттің қанға түсу процесін баяулатады. Алайда бұл дегеніміз ағзаңыз спирттен тез тазарады деген сөз емес. Керісінше, мұндайда ішімдіктің ағзадан толық шығуы үшін көбірек уақыт қажет болады екен.

Диетолог Клиффорд Стефанның сөзіне қарағанда, спирттік өнім ағзадан толық кеткен соң, оның әсерінен жіңішкеріп қалған тамырлар қайта қалпына келеді.  

Ал бауырдың жағдайы не болмақ?

Диетолог Рэйчел Ричардсон былай деп түсіндіреді: орган алкогольді шығарған бойда өзінің қалыпты жұмысына орала алады. Алайда ішімдік сіздің ағзаңызды бәрібір қалады, себебі ол қан айналымы арқылы ас қорыту жүйесіне түседі. Ал 12 сағаттан соң басыңыз ауырып, асқыну туындайды.

Асқынудан соң да біраз уақыт сусызданудан зардап шегуіңіз мүмкін. Яғни алкогольді тұтынған адам дәретханаға жиі барып, оның салдары денеде ылғал жетіспеушілігін туындатады. Түнімен ішкен адамды таң ата шөл қысуы сондықтан.

Асқазанға да кері әсері бар, ішімдік екі күндей ішектерде сақталуы мүмкін, мұндайда асқазанның ауыруы заңдылық. Спирт ішектің микробиомасын бұзуы мүмкін: «жақсы» бактерияларды жойып, «жамандарын» нәрлендіреді. Сол үшін де қышқыл мөлшері артып, тағы бірнеше күн асқазанда ауырлық болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: