Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Әлімхан Сыздықов Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ширек финалда Сыздықов әзербайжандық Сабах Шариатиден ұтылды. Есеп - 0:4.
Айта кетелік, бұл Әлімхан Сыздықовтың алғашқы Олимпиадасы.
Өкінішке қарай, 60 келі салмақтағы балуанымыз Айдос Сұлтанғали бірінші белдесуде қырғызстандық әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековке есе жіберді.
Енді Айдос қарсыласы финалға шыққан жағдайда жұбаныш белдесуіне қатысады.