Алименттен жалтарған әкелердің көлігі сатылады

7 Наурыз, 19:51 750

Астанада алимент төлемей жүргендердің көлігі тәркіленетін болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік 4-5 наурызда қалалық әділет департаменті жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы және полицейлермен бірлесіп, "Борышкер" рейдтік шарасын жүргізгенін атады. 

857 мың 160 теңге, 1 миллион 518 мың 626 теңге, 2 миллион 483 мың 773 теңге, 2 миллион 943 мың 979 теңге көлемінде алимент төлемей жүрген борышкерлердің 4 көлігі тәркіленіп, айыптұраққа қойылды. Жеке сот орындаушылары автокөліктерді бағалап, сатады, - деп жазылған Әділет министрлігі таратқан ақпаратта. 

Жақын күндері алимент төлегісі келмейтін әкелердің жеке мүлкін өндіріп алу жұмысы жалғасады.

Перизат Саденова
Бөлісу: