Әлихан Смайылов Шанхайдағы Қытайдың 6-шы халықаралық импорт көрмесімен танысты

5 Қараша 2023, 12:50 755

Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шанхайдағы Қытайдың 6-шы халықаралық импорт көрмесіне (ҚХИК) қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен бірге, онда ұсынылған Ұлттық павильондармен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ұлттық павильон шеңберінде Қазақстан ауыл шаруашылығы, туризм, логистика, экспорт және инновация салаларындағы компаниялар мен жобалар арқылы кең ауқымды келушілерге өзінің инвестициялық, сауда және өнеркәсіптік мүмкіндіктерін таныстырады.

Австралия, Қытай, Куба және Сербия үкіметтерінің басшылары бар құрметті қонақтарға республиканың астық, май және басқа да азық-түлік өнімдерінің экспорттық әлеуеті, келешегі зор инвестициялық жобалар, теміржол бағыттарының желісі және туристік көрікті жерлер таныстырылды.

 «АӨК-тен инновацияға дейін» коммерциялық павильоны аясында көрмеге 30-дан астам қазақстандық кәсіпорын, оның ішінде азық-түлік, ұн, сүт және алкоголь, кондитерлік және макарон өнімдерін, бал, тұз, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған аралас қоспаларды өндірушілер қатысуда.

 Қазақстандық коммерциялық стендті аралау барысында делегация басшылары отандық кәсіпорындардың өнімдерімен және ұсыныстарымен жан-жақты танысты.

 Айта кету керек, соңғы 5 жылда Қытайдың халықаралық импорт көрмесіне Қазақстаннан 133 компания қатысып, соның арқасында құны $260 млн-нан астам сомаға тиімді экспорттық келісімшарттар жасалды.

Асқар Таудай
Бөлісу: