Әлихан Смайылов ресми сапармен Қытайға барды

4 Қараша 2023, 10:51 6579
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянның келіссөздері барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Сондай-ақ Премьер-Министр Шанхайда 6-шы Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысады және басқа елдер делегацияларының басшыларымен бірге көрмедегі ұлттық павильондармен танысады.
Асқар Таудай
Бөлісу: