Әлихан Смайылов басқарған Үкімет отставкаға кетті

5 Ақпан, 16:16 6954

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.


Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: