Әлихан Смайылов Абай облысына жұмыс сапарымен барады

21 Сәуір 2023, 09:45 1144

21 сәуір, жұма күні, ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Абай облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы барысымен танысады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет басшысы өңірге сапары аясында:

Шүлбі ГЭС-і және «Ғаббасов» қазандығының жұмысын тексереді;

Ядролық медицина және онкология орталығына, сондай-ақ басқа да бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанға барады.

EL.KZ
Бөлісу: