Әлібек Қуантыров Алматы облысындағы Шеңгелді ауылында болды

11 Ақпан 2023, 17:20 1733

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді

Өңірге жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров 1970 жылдардың басында салынған және 14 мың гектарға есептелген Шеңгелді массивінің суару желілерін қалпына келтіру жобасымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шеңгелді массивінің аумағында 9 сорғы станциясы бар. 2022 жылы Сарыбұлақ ауылында республикалық бюджет есебінен сомасы 5,3 млрд. теңге құрайтын суару желілерін қайта құру жұмыстары басталды. Оны аяқтау келесі жылға жоспарланған.

Кейбір сорғы станцияларда суару желілердің жай-күйін және жердің жағдайын зерттеу қажеттілігі бар. Жақын арада жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге ұсыныс енгізу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта суару жүйелерін жөндеуге қаражат қажет.

Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы балмұздақ және жартылай фабрикат шығаратын «Шин Лайн» ЖШС зауытына барды. Жоба «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде қолдау тапты.

Кәсіпорын 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінде осы саладағы жетекші өндірушінің бірі. Қуаттылығы – жылына 63 000 тонна дайын өнімді құрайды. Зауытта 2500-ден астам адам жұмыс істейді. Жобаның құны – 32,4 млрд. теңге. Бүгінгі таңда ТМД аймағында өз секторындағы жетекші өндірушілердің бірі болып табылады.

Кәсіпорын басшылығы балмұздақ өндірісін ЭҚЖЖ-ға (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) келісім-шарт жасасу үшін енгізуді сұрады.

EL.KZ
Бөлісу: