Әли Оқапов ұлын сахнаға алып шықты

13 Желтоқсан 2023, 16:14 26919

Әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваның концертінде сахнаға ұлын алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халық әртісінің Атыраудағы концертінде көрермен қауым әдемі сәттің куәсі болды. Әли Оқапов анасының концертінде ұлы Зейінді сахнаға алып шығып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетейік, Роза Рымбаева Қазақстан бойынша концерт өткізіп жатыр. Бұған дейін өнер иесі Қостанай, Жезқазған, Семей, Ақтау, Тараз, Көкшетау қалаларында жеке кешін берген. Ал алдағы күндері Қызылорда және Қарағанды қалаларының тұрғындары Роза Қуанышқызының өнерін тамашалай алады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: