Әли Оқапов алғаш рет жұбайымен қарым-қатынасы туралы айтты

19 Сәуір 2023, 14:24 1222

Әнші Әли Оқапов алғаш рет әйелі Ақерке Бүркітбай туралы айтып, отбасылық құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Жұбайымның өнер адамы болуы негізгі талап болмады. Бастысы, менің адамым болғаны ғана маңызды болды. Менің жолым болды. Ақерке жайлы көп айта аламын. Екеуіміз кездесіп жүргенде, әр қадамымызды жарияламаймыз деп келіскенбіз. Өйткені, қарым-қатынаста әр сәт мінсіз бола бермейді, - деді Әли Оқапов.

Сондай-ақ әнші анасымен бірге тұрмайтынын айтты.

Біз анамнан бөлек тұрамыз. Мен анамнан 7-8 жыл бұрын бөлек шығып кеттім. Анам маған "Сенің бөлек шығатын уақытың келген сияқты. Сен қазір ересексің, әртіссің. Тіпті гастрольде жүресің" деді. Осыдан кейін мен біраз уақыт жалғыз тұрдым. Біз бөлек тұрамыз. Бірақ бір тұрғын үй кешенінде, көрші тұрамыз. Қазір анам әр күні үйге келеді. Ал Ақеркенің анасы Атырауда тұрады, - деді Әли Оқапов. 

EL.KZ
Бөлісу: