Алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілерін салуға 120 млрд теңге бөлінді

Бүгiн, 10:55 314

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов медициналық нысанды салуға қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет тарапынан алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілерін салуға республикалық бюджеттен шамамен 120 миллиард теңге, ал аудандық ауруханаларды қайта жаңғыртуға 31 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен толықтырылып жатқан Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты да ұлттық жобаны іске асыруға бөлінді, – деді премьер-министр.

Сондай-ақ 145 алғашқы көмек объектісі мен 13 ауданаралық аурухана құрылысына 31 миллиард теңгеден астам қаражат салынғанын атап өтті.

Бүгінгі таңда бес өңірде, атап айтқанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында объектілердің құрылысы толығымен аяқталды. Денсаулық сақтау министрлігі барлық 188 медициналық нысанды салу және ауруханаларды жаңғырту жұмысына апта сайынғы мониторингті қамтамасыз етсін. Заманауи медициналық құралдарды уақтылы сатып алу және объектілерді жабдықтау бойынша қажетті шараларды қабылдасын, – деді Олжас Бектенов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: