Алғаш рет Найля Базанова атындағы әйел ғалымдарға арналған марапат тағайындалды

6 Наурыз, 22:11 1051

Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерекелік іс-шара өтті. Алғаш рет Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел академигі Найля Базанова атындағы әйел ғалымдарға арналған Ұлттық ғылым академиясының марапаты тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты шара онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр өңірінен келген 70-тен аса жетекші әйел ғалым қатысып, Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

(Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі)

Шара барысында сөз алған Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев елімізде Халықаралық әйелдер күні көптеген жыл бойы ресми мереке болып саналып келе жатқанын және адамзаттың әдемі жаратылысы көктемнің, сұлулықтың, нәзіктіктің, рухани даналықтың күні болып саналатынын атап өтті.

ХХ ғасырдың басына дейін әйелдерді ғылымға жақындатпаған әрі қабілетсіз деп санаған. Сол кездегі әйел ғалымдар көптеген кедергіні жеңуге, ерлердің бүркеншік атын алуға мәжбүр болды. Әйелдердің жұмысы мен ашқан жаңалығы көбіне ер ғалымдардың атынан жарияланған.

Найля Базанова атындағы әйел ғалымдарға арналған арнайы марапат отандық ғылымның одан әрі дамуын ынталандыру мақсатында тағайындалып отыр.

Оқи отырыңыз: 

Зарина Арман
Бөлісу: