Әлеуметтік желіде әдепсіз сөз айтқан блогер жазаланды

22 Мамыр, 06:26 611
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталған К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі), деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сотпен, YouTube видео хостингінде К.-ның әдепсіз сөздер айтқан видеоподкаст жарияланғаны анықталды. Одан әрі бұл видео басқа әлеуметтік желілерде таралған.

Сот отырысында К., өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот қаулысымен К., ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Перизат Саденова
Бөлісу: