Әлеуметтік желі арқылы сәбиін сатпақ болған шетелдік ұсталды

24 Қараша 2023, 10:22 908

Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Қарасай ауданының аумағында көрші республиканың 24 жастағы тумасын ұстады, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдің жүктілігі жеті айлық кезінде құрсақтағы баласын сату туралы хабарландыруды әлеуметтік желіге жариялағаны анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптама тағайындаумен тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, - деді облыстық полиция басшысы Бауыржан Әленов.

Күдікті заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: