Әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат артады

16 Наурыз 2023, 10:59 1232

Сенаттың жалпы отырысында 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әлеуметтік саланың шығыстары 298 млрд теңгеге өсіп,  8,5 трлн теңге сомасында жоспарланғанын айтты. Бұл бюджеттің жалпы шығыстарының 37,5% құрайды.

«Бұл қаражат «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға, мектепке дейінгі білім беру мекемелері педагогтерінің жалақысын көтеруге және колледж студенттердің стипендияларын ұлғайтуға, әлеуметтік төлемдердің, жәрдемақылардың мөлшерлерін арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталады»,  деді Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар Қаржы министрі күш құрылымы шығыстары 317 млрд теңгеге өсіп, 2,5 трлн теңге сомасында жоспарланғанын айтты.

Биыл өңірлерге республикалық бюджеттен 7,2 трлн теңге немесе бюджеттің жалпы шығыстарының 32% бағытталады.

Акжан Ибрагимова
Бөлісу: