Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтерілді

11 Қаңтар 2023, 11:25 2430

1 қаңтардан бастап әлеуметтік саланың 40 мыңға жуық қызметкердің айлығы өсті

Бірінші қаңтардан бастап ресми түрде қызметкерлердің жалақысын көтеру кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде 38 әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 25%-ға көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Міндеттелген жалақы өсімі - Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен үйде қызмет көрсету, уақытша ұйымдарда және жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі персоналдарға (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтер, медицина қызметкерлері және т.б.) қатысты.

Халықтың әлеуетін арттыру үшін қызметкерлердің жалақысы жыл сайын көтеріліп келеді. Мысалға, 2021 жылы әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50%-ға, ал 2022 жылы – 25%-ға өсіп отыр.

Сонымен қатар, 2021 жылы лауазымдық жалақы да 30%-дан 40%-ға артқан болатын.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: