Әлеуметтік қордан қазақстандықтарға 70 мың теңге төленетіні рас па?

17 Қыркүйек, 17:33 438

Әлеуметтік желіде 1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына белгісіз әлеуметтік қордан 70 000 теңге аударылатыны туралы ақпарат таралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз, - делінген министрлік ақпаратында.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз, - делінген ақпаратта.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: