Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағы қымбаттады

17 Ақпан 2023, 15:52 1256

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,6%-ға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

2023 жылғы 14 ақпандағы әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
Сүт 2,5% – 353 тг/л
Қант – 459 тг/кг
Сәбіз – 152 тг/кг 

EL.KZ
Бөлісу: