Әлеуметтік кәсіпкерлерге қандай қолдау бар

24 Қараша 2023, 11:27 2777

Әлеуметтік кәсіпкерлердің жұмыс істеуі үшін заңнамалық негіз 2021 жылы құрылды. Бұл өз кезегінде алғаш рет әлеуметтік кәсіпкерлік деген ұғымға анықтама берді. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов Орталық Азия әлеуметтік-кәсіпкерлерінің құрылтайында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – елімізде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға сапалы жұмыс орындармен қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызмет. Әлеуметтік қамсыздандыру ісінде әлеуметтік кәсіпкерліктің бұл саласын белсенді дамытудың орны ерекше. Бүгінде Үкімет әлеуметтік кәсіпкерлікке қажетті ауқымды қолдау шараларын қабылдап жатыр. Әлеуметтік кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігін қолдау мақсатында қаржылай және қаржылық емес қолдау бар. Биылғы жылдың ақпанынан бастап әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ұлттық жоба шеңберінде қолдау шаралары ұсынылуда. Осы тізімге кірген әлеуметтік кәсіпкерлер жеңілдетілген несие алуға қол жеткізе алады. Оларға төмендетілген мөлшерлеме бойынша субсидия беріледі, – деді Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов.

Сондай-ақ вице-министр 500 миллион және 1,5 миллиард теңгеге дейін кредит ала алатынын жеткізді.

Оларға 5 миллион теңгеге дейін мемлекеттік гранттарды ұсыну кезінде әлеуметтік кәсіпкерлер субъектілеріне бизнес жүргізу бойынша сервистік және кәсіпкерлерді ақпараттық талдамалық қолдау, іскерлік байланыстар бойынша шаралар ұсынылады. Бүгінгі күні Үкімет әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік шаралардың ең аз жиынтығын қалыптастырды. Объективті түрде әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына серпін беру үшін мемлекеттік құрылымдардың күш-жігері ғана емес, азаматтық сектордың қатысуы талап етіледі, – деді вице-министр.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: