Әлемнің ең бай адамдарынан 10 бизнес-кеңес

18 Қаңтар 2019, 11:35 10951

Билл Гейтс, Марк Цукерберг, Амансио Ортега және тағы басқалары...

Forbes-тің үздік ондығына кіретін әлемнің бай-бағландары ақшаның емес, өз арманыңыздың артынан жүгіруге кеңес береді.

1. «Қалай істеу керек»-тің тұзағынан құтылыңыз

Джеф Безос, Amazon-ның негізін қалаушы, байлығы – 122 млрд доллар

Безос Amazon арқылы интернеттегі кітаптардың барлығын сатуды жоспарлаған. Алайда, кеңескен сарапшылардың барлығы дерлік ол идеяны жүзеге асыру мүмкін еместігін айтып, тек танымал жанр мен баспалардың өніміне жүгінуге жол сілтеген.

Біз кеңес сұраған әрбір есті адам, бұлай істемеу керек екенін айтқан еді. Біз жақсы кеңес алғанымызбен, оны елеусіз қалдырдық. Біздің үлкен қателігіміз – осы. Бірақ, осы қателік біздің компанияда болған ең керемет оқиғалардың бірі болды. (Джефф Безос)

Amazon әртүрлі позиция ұстауының арқасында бірден-ақ танымалдыққа ие болды. Расында да, компания дәстүрлі жобамен алғашқы қадамын жасағанда, ондай атақ-абыройға бөленбес еді.

Сарапшы болған сәтте-ақ, дәлелденбеген қағидалардың тұзағында қалып кету қаупі өсе түседі. Сіз «қалай болу керек еді» деп адасып, «қалай болған дұрыс еді?» сұрағына дәл жауап таппай қаласыз. (Джефф Безос)

2. Айналаңызда сізді алға сүйрейтін адамдар болсын

Билл Гейтс, Microsoft-тің незігін қалаушы, байлығы – 90 млрд доллар

2017 жылы кәсіпкер мектеп бітірушілерге берген кеңесінде, адамның араласатын ортасының маңыздылығын ерекше атап өткен еді.

Жақындарыңыз қай бағытқа бара жатса, сіздің де солай қарай жылжи бастайтындығыңыз табиғатыңыздан бар. Егер достарыңыз азға қанағат етіп үйренген болса, онда сіздің де үлкен мақсаттарыңыз көп өтпей, өз белсенділігін жоғалтады. Керісінше, табысты жандар айналасындағыларды да жетістікке жетуге болатындығына сендіре бастайды.

Айналаңызға жаңа ой қосатын, үйретіп отыратын, үздік болуға мотивация беретін адамдар жинаңыз. (Билл Гейтс)

Миллиардер мұндай адам ретінде өз әйелін санайды. Мелинда Гейтс – кәсіпкер және филатроп. Ол Microsoft-тің негізін салушы Гейтспен 1994 жылдан бері некеде тұрады.

3. Өзіңізге инвестор болыңыз

Уоррен Баффетт, инвестор, байлығы – 84 млрд доллар

Кәсіпкер мансапты бизнеске айналдырып, өзін негізгі өнім ретінде санау керек дейді. Ол тұтынушыларға ұнамайтын зат шығарудың ешқандай пайдасы жоғын ескертеді. Егр сіз өз жетістігіңізге инвестор бола білмесеңіз, «армандаған жұмысыңызға» қол жеткізе алмайсыз деп есептейді.

Өз қабілетіңізді инвестициялау – ең дұрыс қаржыландыру болмақ. Өзіңіздің қолыңыздан келетін кәсібіңіз үшін жасалған барлық қадам нәтижесіз қалмайды. (Уоррен Баффет)

4. Есте сақтаңыз, ақша мақсат емес, ол табысты жұмыстың нәтижесі ғана

Бернар Арно,  Louis Vuitton Moët Hennessy компаниялар тобының Президенті, байлығы – 72 млрд доллар

Қаржыгерлердің жұмысындағы маңызды нәрсе – ұзақ уақытқа жоспар құру. Жеңіл кірістің ізінен еріп, ақыры соңында кәсібіңнің күлін көке ұшыруға болады. Арно кеңірек ойлап, алдағы алты айлықты емес бес-он жылда не боларын елестетуді ұсынады. Оның пікірінше, табыстың кілті уақытқа бағынбайтын зат шығарып, әр уақытта оған трендтік нәрселерді қосып отыру керек.

Ақша – бұл нәтиже ғана. Мен өз командама кіріс жайында ойланбауларын өтінем. Егер сіз өз жұмысыңызды істесеңіз, табыс міндетті түрде болады. (Бернар Арно)

5. Тәуекелге барудан қорықпаңыз

Марк Цукерберг, Facebook-тің негізін салушы, байлығы – 71 млрд доллар

Танымал әлеуметтік желінің негізін қалаушы өзінің бір сұхбатында, күдік табысқа жетуге кедергі келтіретінін айтқан еді. Facebook көпшіліке танылу үшін біршама уақыт жоғалтқан. Себебі, Google да дәл осындай өнім шығарып, жоба іске аспай қала ма деп қорыққан.

Ең үлкен қауіп – тәуекелге бармау. Күнде өзгеріске ұшырап жатқан әлемде сәтсіздікке кепілдік беретін жалғыз стратегия бар, ол – тәуекелге бармау. (Марк Цукерберг)

6. Шартсыз табысқа жетем дегенге сенбеңіз

Амансио Ортега, Zara и Inditeх негізін салушы, байлығы – 70 млрд доллар

Ортеги кедейліктен құтылып, байлыққа жете білудің ең жарқын мысалы бола алатын адам. Ол 13 жасында ақша тапшылығынан мектепке баруын доғарып, жұмыс істей бастайды. Жейде дүкенінде курьер қызметінен бастаған Ортега Inditex империясының негізін қалап, әлемнің ірі брендінің бірін өмірге әкелді.

Брендтің штаб-пәтері Испаниядағы кішігірім қалашық Ла-Коруньяда орналасқан. Өзінің 82 жасқа келгеніне қарамай Ортега офиске күнде келіп, қызметкерлермен сөйлесіп, идеяларын тыңдаудан жалыққан емес. Ал кәсіп толықтай тұтынушылардың қалауына арналған.

Өз-өзіңе қанағаттану – ең жаман нәрсе. Табысқа ешқашан кепілдік берілмейді. Мен өзімнің істеген жұмысыма ешқашан разы болған емеспін, сол секілді айналама да осы дағдыны енгізуге тырысамын. (Амансио Ортега)

7. Бәсекелестіктен қорықпаңыз, қарсыластарыңызды зерттеңіз

Карлос Слим Элу, инвестор, байлығы – 67,1 млрд доллар

Карлос Слим Элу әкесінің көмегімен 10 жасынан-ақ инвестиция құйып үйренеді. Соның арқасында 17 жасында алғашқы миллионына қол жеткізген. Бүгінге дейін ол әкесінің кеңесіне жүгініп отыратынын мойындайды. Оның пікірінше, «қарсыласыңыз жеңіп кетсе де, бәсекелестік сізді үздік ете түседі». Кәсіпкер ең жоғары деңгейде жарысқа түсу, өзіңнің қаншалықты қауқарлы екеніңді білу үшін керек дейді.

Спортшылар туралы ойлаңыз. Ол өз үйінде өте мықты болуы мүмкін, тек көршілерімен салыстырғанда емес. Оны түсіну үшін үйдің сыртына шығу керек. (Карлос Слим Элу)

8. Қателіктеріңізді бағалаңыз

Чарльз Кох, Koch Industries компаниясының басшыларының бірі, бауыры екеуінің байлығы – 60 млрд доллар

Чарльз Кохтың пікірінше, көптеген инновациялар сынап көру мен қателіктерден туындайды. Соңғысының ықпалы көп болса, ісіңіз мағыналы бола түседі. Егер сіз сәтсіздіктерден қашатын болсаңыз, өмірде ештеңеге жете алмайсыз.

Сіз эксперимент жасап, ешқашан қателеспеймін деп ойласаңыз, онда сіз шын мәнінде ешқандай тәжірибе жасаған жоқсыз. (Чарльз Кох)

9. Естен шығармаңыз, барлығын бақылауда ұстай алмайсыз

Дэвид Кох, Koch Industries компаниясының басшыларының бірі, бауыры екеуінің байлығы – 60 млрд доллар

1992 жылы Дэвид Кох онкологиялық ауруға шалдығады. Дәл уақытында емделгеніне қарамай, дерт қайта-қайта оралып отырған. Бірнеше жылдар бойы кәсіпкер ракпен күрес жүргізетін зерттеуді қаржыландырып келді.

Білесіздер ме, ракқа қарсы күресумен салыстырғанда, өмірдегі қалған нәрселердің бәрі оп-оңай соғыс секілді көрінеді. (Дэвид Кох)

10. Бөтен үмітті өзіңіздікімен шатастырмаңыз

Ларри Элисон, Oracle корпарациясының басшысы, байлығы – 58,5 млрд доллар

Болашақ миллиардер дәрігер болуға ниеттенген. Оның отбасысы, мұғалімдері, сүйіктісі барлығы осы профессияның иесі болуын қалайды. Алайда, Элисон дәрігерге дейінгі оқуын тастап, бағдарламалау ісіне көшеді. Дәл осы уақытта оның әйелі болашағына сенбей, амбициясы жоқ деп, тастап кетіп қалған екен. Ажырасу Ларри Элисоннің өміріндегі үлкен өзгеріске сеп болған.

Тағы да айналамдағылардың үмітін ақтамадым. Алайда, олардың қалаған жолына түспей, өз қалауыммен жүргеніме еш қынжылмаймын. Олардың арманы мен менің арманым мүлде келіспейтін еді. Мен енді, оны ешқашан шатастырмаймын. (Ларри Эллисон)

(Суреттер ашық ғаламтор көзінен алынды)

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: