Әлемнің үздік бапкерлерінің бірі қазақстандық семсерлесушілерді жаттықтырады

22 Қазан, 08:29 774

Қазақстанның ұлттық семсерлесу федерациясы бапкерлік штабта өзгерістер болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық семсерлесу федерациясының президенті Мирболат Әбуовтің сөзінше, бүгінде алдағы Олимпиада ойындарына дайындыққа кіріскен. Федерция басшысы алдағы ойындардан спортшыларымыз жүлделі оралады деген жоспар құрып отыр. Сол үшін қазірдан бастап құрама білікті маманмен толыққан.

Біздің құрама Франция, Италия, Жапония және өзге де елдердің әлемдік көшбасшылары үшін мықты қарсыласқа айналды. Бірақ біз қазіргі жетістіктерде тоқтап қалғымыз келмейді және келесі қадамға аяқ басуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсат – командалық лицензияны қайталап, Лос-Анджелестен жүлдемен оралу.

Бұл үшін біз семсерлесуден бапкерлік құрамды күшейттік, ол әлемдегі үздіктердің бірі – Александр Владимирович Горбачук. Ол осы кезеңде украиналық семсерлесу мектебінің өкілі, ал соңғы 15 жылда Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпиондары атанған жапониялық спортшылармен жұмыс істеген, - деді Мирболат Әбуов.

Перизат Саденова
Бөлісу: