Әлемнің бірінші ракеткасы қарыздарын қайтармағаны үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Барселонаның жергілікті соты кәсіпқой экс-теннисші Аранча Санчес-Викарионы 2 жылға бас бостандығынан айырды. Испания сот билігінің ресми сайтының хабарлауынша, Аранча Санчес-Викарио мен оның бұрынғы күйеуі Хосеп Сантакана банктегі қарыздарын төлемеу үшін мүліктерін жасырған.
Сот Аранчаны 2 жылға, ал күйеуі Сантакананы 3 жыл 3 айға соттады. Сонымен қатар олар Люксембург банкіне 6,6 миллион еуро өтемақы төлеуге міндеттелді.
Айта кетсек, Аранча Санчес-Викарио 4 жасынан бастап тенниспен айналысқан. Ол кәсіпқой теннистегі 29 жылға созылған мансабын 2004 жылы аяқтады. Теннисші мансабында ол 4 рет Олимпиада медалін, 4 рет «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алған және халықаралық жарыстарда 92 жүлде жеңіп алған болатын. Тіпті, Аранча 1995 жылы әлемнің бірінші ракеткасы болып танылды.