Халықаралық үстел теннисі Федерациясы (ITTF) 2023 жылды қорытындылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Әлемдік ұйым көптеген жарқын оқиғалардың ішінен қарағандылық Алан Құрманғалиевтің (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) жетістігін ерекше атап өтті.
Ол биылғы маусымда жекелеген разрядта ең көп жеңіске жеткен (356), көп матч өткізген (108) және жоғары ұпай жинаған (5035) ойыншы атанды.
Айта кетелік, Алан Құрманғалиев биыл тұңғыш рет ересектер арасындағы жазғы Азия ойындарына да қатысқан болатын.