Әлемдік БАҚ ШЫҰ саммиті туралы не жазып жатыр

5 Шілде, 16:00 1204

4 шілде күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті. Саммитте 33 мемлекеттен келген 150 шетелдік БАҚ-тың 700 өкілі ақпарат таратты.  El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі әлемдік БАҚ-тың Қазақстанда өткен ШЫҰ саммиті туралы не жазып жатқанына шолу жасады.

Саммитке 16 мемлекеттің президенті, үкімет басшылары қатысты. 

«Жэньминь жибао» онлайн халық газетінің қазақша нұсқасы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген күннен бастап ақпарат таратты.

4 шілде күні Астанада өткен ШЫҰ саммитінен ақпарат таратып, келесі жиын Қытайда өтетіні туралы жазған.

Қытайдың CGTN телеарнасы ШЫҰ саммитіне қатысты шетелдік сарапшылармен сұхбат жүргізген. CGTN телеарнасына ҚР Мәжіліс депутаты Марат Башимов пен Еуразиялық халықаралық зерттеулер қауымдастығының атқарушы директоры Қайрат Батырбаев сұхбат берді.

Сонымен қатар Қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігі де ШЫҰ-ның 24-ші саммиті туралы ақпарат таратты.

Агенттік ШЫҰ-ға мүше елдердің қатысып жатқанын және биылғы отырыста Беларусь Республикасының толыққанды мүше болғанын жазды.

Сондай-ақ 2024-2025 жылы ШЫҰ-ға Қытай төрағалық ететінін және келесі отырыс Қытайда өтетінін хабарлады.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің ШЫҰ-ға қатысып жатқаны жөнінде Кremlin сайты да жазды. Саммит отырысы аяқталған соң Путин Тәуелсіздік сарайында шетелдік БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. 

Астанада өтіп жатқан саммитке қатысты ресейлік сарапшы, тарих ғылымдарының докторы Игорь Ковалев ресейлік БАҚ-қа сұхбат берген.

Қырғызстандық БАҚ өкілдері де ШЫҰ саммитінен ақпарат таратты.

Спутник Қырғызстан ақпарат агенттігі президент Садыр Жапаровтың саммитте ШЫҰ-ға мүше елдердің басшыларына айтқан ұсынысы жайлы жазды.

Сонымен қатар самитте 20 маңызды құжатқа қол қойылғаны жөнінде айтылды.

Қырғызстандық 24KG сайты да президент Садыр Жапаровтың саммитте сөйлеген сөзін жариялады.

Өзбекстандық ақпарат порталдары саммитте президент Шавкат Мирзиеёвтің айтқан ұсыныстары жөнінде шолу мақала жазған. Сонымен қатар 16 мемлекеттің Қазақстанға келгені және оларды күтіп алу рәсімі қалай өткенін хабарлаған.

Әзірбайжаннан келген БАҚ өкілдері де Астанада өткен саммиттен ақпарат таратты.

Әзірбайжанның ақпарат агенттіктерінде әзірбайжандық сарапшылардың саммитке қатысты айтқан пікірлері жарияланған.

 

 

Миражан Махан
Бөлісу: