Әлемді өзгерткен кітаптар

24 Қазан, 13:15 530

Бүгін, 24 қазанда Қазақстанда тарихи, мәдени және ғылыми мұраны сақтау мен насихаттауда маңызды рөл атқаратын кәсіп – Кітапханашы күні аталып өтілуде. Цифрлық технологиялардың дамуы кітапханалардың жұмысын сөзсіз өзгертеді, бірақ олардың негізгі мақсаты – ақпараттық-білім беру орталықтары болу өзгеріссіз қалады.

Кітапханашы – тарихи, мәдени және ғылыми бай мұраны сақтауға және насихаттауға ерекше үлес қосумен байланысты құрметті және ажырамас мамандық. Цифрлық технологиялардың дамуы кітапханалардың жұмыс істеу тәсілін өзгертуде, бірақ олардың негізгі мақсаты өзгеріссіз: ақпараттық-білім беру орталықтары болу. Соңғы 5 жылда Қазақстанда мемлекеттік тапсырыс бойынша кітапханаларға арналған 4,5 миллион дана кітап шығарылды, ұлттық электронды кітапхана да қарқынды дамып келеді. Кітапхана қызметкерлерінің кәсіпқойлығы мен жанқиярлығы әрқашан білім мен оқуға қолайлы ерекше атмосфера жасайды

Қазақстанда қанша кітапхана бар?

Кітапхана – білім мен мәдениет сақталатын орын болса, сіздердің ерен еңбектеріңіз Қазақстан азаматтарына білім мен рухани құндылықтарға қол жеткізуге көмектеседі.

Елімізде 12 мыңға жуық кітапхана бар, олардың 4 мыңға жуығы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағында. Аталған кітапханаларда 9,5 мыңнан астам кітапханашы 73 миллионға жуық кітапты сақтаумен айналысады. Сіздер атқарып отырған еңбектеріңіздің арқасында 2020-2024 жылдар аралығында көпшілік кітапхана пайдаланушыларының саны 3 миллионнан 5 миллионға өсті. Электронды кітаптар мен құжаттарға жыл сайын әлемнің 110 елінің пайдаланушылары жүгінеді.

Министрлік кітапханаларды жаңғырту, оларды жабдықтау мен қорларды толықтыру жұмыстарын жалғастыруда. «Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана» жобасы айтарлықтай дамып келеді. Сіздердің еңбектеріңіз бен мәдени мұраны сақтау жолындағы үлестеріңізге шынайы алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға зор денсаулық пен табыс тілейміз, - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпаратында.

Сирек кітаптар

Еліміздегі ұлттық кітапхананың ресми сатындағы мәліметтер бойынша, бүгінде сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қоры 40 мыңнан астам құжаттан тұрады. Оның ішінде 1000-нан астамы қолжазбалар (қазақ, орыс, шығыс тілдерінде), қазақ кітаптарының топтамасы, Қазақстан жайлы еңбектер, Қазақстанның алғашқы мерзімді басылымдары, шығыс баспа кітаптары, орыс кітаптары, Европаның көне баспа кітаптары, микрофильмдер, кітаптардың электрондық көшірмелері болып табылады.

Қорда сақталған қолжазбалардың ішінде куфа жазуымен жазылған «Құран» (ХII ғ.), Фирдоусидің шағатай тіліндегі «Шахнамесі» (1721-1723жж.), ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының Халықаралық тізіміне енгізілген Қ.А.Ясауи мен С.Бақырғанидың жазба мұралары аса құнды деп саналады.

Сирек кездесетін баспа кітаптар қатарында қазақ әдебиеті классиктерінің, қазақ ағартушыларының көзі тірісінде жарық көрген еңбектері бар. Шығыс халықтары кітаптарының топтамасы 2 мыңға жуық. Қорда Қазақстанның алғашқы мерзімді басылымдары –  «Туркестанские областные ведомости» (1879-1917 жж.), «Қазақ» (1913-1918 жж.), «Еңбекші қазақ» (1923-1932 жж.), және т.б. газеттер мен «Айқап» (1911-1917 жж.), «Абай» (1918 ж.), «Шолпан» (1922 ж.) т.б. журналдар сақталған.

Ал, ел астанасындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханадағы Сирек кітаптар мен қолжазбалар секторының басшысы Дариға Дауренбекова «Сирек кітаптар қоры – кітапхананың қазынасы» деп отыр.

Бүгінде кітапханамыздың қоры миллион жарым болса, оның ішінде 13 мыңнан астамы - сирек кітаптар мен қолжазбалар. Кітаптар мен қолжазбалардың барлығы кітап мұражайында топтастырылған. Бұл – әлемдік тәжірибе. Барлық сирек қор топтамаларға бөлінеді. Әр топтама бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, топтаманың каталогы жасалады. Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры – кез келген кітапхананың қайталанбас басылымдары, - деді сектор басшысы.

Мәселен, Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының қызметкерлеріне Жамбыл облысындағы ғылыми экспедиция барысында араб, парсы, шағатай тілдеріндегі 40-қа жуық көне қолжазба мен сирек кітаптар табысталды.

Көне кітаптардың ішінде XVIII ғ. ортасында өмір сүрген Аллаяр Сопының өлеңдері жазылған қолжазба, Пайғамбарлар өмірбаяны өлең түрінде  жазылған қолжазба, Қазанда басылған Қасиетті Құран Кәрімнің бірнеше данасы, түрік-осман авторы Мухаммад Челебидің 1894 ж. Қазанда басылған «Мухаммадия» кітабының бірнеше данасы, «Мәуліт» кітабы, Физули өлеңдері, Ханафи мазһабы бойынша іргелі еңбектердің бірі «Шарх әл-Викая», 1893 жылы Стамбулда басылған «Шарх әл-Кафия ли-Исфаханди» бар. Сондай-ақ Қожа Хафиз Ширазидің парсы тіліндегі ғазалдары, Мухаммад Саляхтың 1902 ж. Қазанда басылған «Тарджама Мухтасар әл-Викая» еңбегі, сондай ақ Ислам тарихына қатысты, араб, түркі грамматикасына қатысты кітаптар мен мұсылман күнтізбесі де құнды мұралар қатарын толықтырды.

Сонымен қатар, қолжазбалар орталығының қызметкерлеріне кітаптар сақталған құнды жәдігер қара былғарымен қапталған сандықша қоса берілді.

Ғылыми-зерттеу экспедиция барысында орталық қызметкерлері Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы мен  Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында болған қызметкерлер бірнеше құнды кітаптардың көшірмесін алды.

Әлемді өзгерткен кітаптар

Тарихта маңызды рөл атқарған, мәдениетке, ғылымға, философияға және қоғамға елеулі ықпал еткен шығармалар. Мұндай кітаптар сан алуан тақырыптарды қамтиды және түрлі дәуірлерде жазылған. Олардың кейбірін ғана атап өтуге болатын шығар. Негізі әлемнің өзгеруіне қатты әсер еткен ең алдымен діни кітаптар. Яғн, киелі кітаптар.

  1. «Інжіл» (Библия) – Христиан дінінің негізін қалаған қасиетті кітап. Ол батыс өркениетінің дамуына, этикасы мен құндылықтарына үлкен әсер етті. Киелі кітап шамамен 2800 тілге аударылған. Бұл кітап дүние жүзінде миллиардтаған данамен басылды. Жер бетінде тұратын адамдардың 90 пайыздан астамы Киелі кітапты ана тілінде оқи алады. Апта сайын миллионнан астам адам Киелі кітапқа жүгінеді.
  2. «Құран» – Ислам дінінің қасиетті кітабы. Бұл кітап мұсылман әлемінің рухани және мәдени дамуында үлкен рөл атқарды. Ислам сенімі бойынша Құран Мұхаммед пайғамбарға уахи арқылы жеткізілген және Құдайдың сөзі.

Құран 114 сүреден тұрады. Сүрелердің мазмұны сан алуан – ислам құқығының негіздерінің баяндары мен нақты тарихи оқиғалардың сипаттамасы бар.

Мұсылмандар Құранға құрметпен қарайды. Көптеген адамдар Құранның кем дегенде бір бөлігін жаттайды. Әдетте бұл намаз оқу үшін қажет аяттар. Құранды толық жаттағандар қари атағын алады.

  1. «Илиада» мен “Одиссея” – Гомер – Ежелгі грек әдебиетінің шедеврлері. Бұл эпостар Еуропа мәдениетіне, поэзиясына және өнеріне ықпал етті.
  2. «Әбу Насыр Әл-Фараби трактаттары»  – Әл-Фараби есімі әлемдік ғылым мен мәдениет тарихында берік орын алды. Оның еуропалық Қайта өрлеу дәуіріне үлкен ықпал еткен шығармалары Батыс пен Шығыс мәдениеті мен философиясын жақындастыруға байланыстырушы көпір болды.
  3. «Аристотельдің шығармалары» – Ежелгі грек философы Аристотельдің еңбектері ғылым, философия және саясат саласында үлкен өзгерістерге әкелді.
  4. «Декларация независимости США» – Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік декларациясы демократия, еркіндік және адам құқықтары ұғымдарына жаһандық әсер етті.
  5. «Происхождение видов»  – Чарльз Дарвин – Биология мен эволюциялық теорияға негізделген еңбек, ғылымдағы революциялық жаңалықтар әкелді.
  6. «Капитал»  – Карл Маркс – Экономика мен саясаттағы социалистік идеялардың дамуына негіз болды.
  7. «1984» – Джордж Оруэлл – Тоталитаризм және цензура тақырыбын көтерген кітап, қоғамның саяси және әлеуметтік құрылымдарына сыни көзқараспен қарауға ықпал етті.
  8. «Жаңа әлем» – Олдос Хаксли – Технология мен ғылыми жаңалықтардың ықпалын сипаттаған антиутопиялық роман.

Бұл кітаптар өз дәуіріндегі және кейінгі ғасырлардағы саяси, әлеуметтік, ғылыми, философиялық өзгерістерге әсер етті.

Кітап тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар көркем дүниелерге апаратын өнер туындысы. Олардың кейбіреулері сату көлемі, көлемі немесе басқа сипаттамалары бойынша нағыз рекордшыларға айналады.

Кітап туралы қызықты ақпараттар

Киелі кітап – тарихтағы ең көп сатылған кітап. Ол жазылғаннан бері дүние жүзінде бес миллиардтан астам дана сатып алынған екен.

Бұл рейтингте екінші орында Агата Кристидің «Армандағы сатушы» фильмі. Оның екі миллиардтан астам данасы сатылды.

Дж.К.Роулингтің жас сиқыршы «Гарри Поттер» туралы кітаптар сериясы миллиондаған оқырмандардың жүрегін жаулап, ең көп сатылатын шығармалар арасында үшінші орынды иеленген

Ал әлемдегі ең қымбат кітап Леонардо да Винчидің «Кодекс Лестер» қолжазбасы суретшінің суреттері бар қолжазба. Ол 1994 жылы аукционда таңғаларлық 30,8 миллион долларға сатылған. Оны Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтстен басқа ешкім сатып алған жоқ. Ол құмар оқырман ретінде танымал - оның үй кітапханасы кәсіби кітап сатушы таңдаған сирек басылымдарға толы.

2012 жылы Дубайда «Бұл Мұхаммед пайғамбар» деп аталатын сегіз метрлік жинақ шықты. Кітаптың салмағы бір жарым мың келіге жетеді! Оны құруға 50-ден астам адам қатысты. Бұл бүгінде әлемдегі ең үлкен кітап болып саналады. Ал, керісінше әлемдегі ең кішкентай кітап Жапониядан шыққан. «Жыл мезгілдері гүлдері» деп аталатын кішкентай кітаптың өлшемі 0,74 х 0,75 миллиметр. Ол 22 беттен тұрады және 0,01 миллиметрлік шрифтпен атауларымен бірге өсімдіктердің шағын суреттерін қамтиды.

Әлемдегі ең үлкен кітапханалар

Британия кітапханасы. Біріккен Корольдіктің бас кітапханасының бюджеті екінші орындағы Америка Құрама Штаттарының Конгресс кітапханасының бюджетінен үш есе аз екеніне қарамастан, жалпы ұзындығы 640 км-ден асатын сөрелерде 200 миллионға жуық кітап сақталған. Кітапхананың бас кеңсесі Лондонда орналасқанмен (әлемге әйгілі King's Cross Station жанында), оның  Бостон Спада филиалы бар, оған күніне шамамен 8000 жаңа кітаптар қабылданады.

Британ кітапханасы ресми түрде 1973 жылы құрылған; бұған дейін оның коллекцияларының көпшілігі Британ мұражайының бөлігі болды.

Конгресс кітапханасы. Вашингтондағы Конгресс кітапханасында шамамен 170 миллиондай кітап бар және ол Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы ретінде қызмет етеді. 1800 жылы құрылғанмен британдықтар 1814 жылы түпнұсқа коллекцияның көп бөлігін жойды. Кітапхана қоры Томас Джефферсонның 6000-нан астам кітаптан тұратын жеке кітапханасын сатып алғаннан кейін қалпына келтірілді. Барлығына қолжетімді Британ кітапханасынан айырмашылығы, Конгресс кітапханасы техникалық тұрғыдан ең алдымен АҚШ Конгресінің қажеттіліктері үшін бар.

Шанхай кітапханасы. 56 миллион кітап қоры бар Қытайдың Шанхай кітапханасы Қытайдың Ұлттық кітапханасынан асып түседі. Қордың бір бөлігі Цзы-Ка-Вэй кітапханасы 1847 жылы еуропалық иезуит миссионерлерімен құрылған; 1952 жылы салынған Шанхай муниципалдық кітапханасы 19 ғасырдың ортасындағы осы коллекцияны кейінірек сіңірді.

Бұл сонымен қатар ғимарат кеңістігі бойынша ең үлкен кітапханалардың бірі, оның биіктігі 108 метрлік басты мұнарасы оны әлемдегі екінші ең биік кітапхана етеді. Кітапхананың бюджеті мен келушілер саны туралы деректер жоқ.

Наурызбек Сарша
Бөлісу: