Әлемдегі ең қымбат валюталар

2 Мамыр 2023, 10:57 2468

Әлемде 157 валюта түрі бар. Халықаралық SWIFT төлем жүйесінде АҚШ долларының үлесі – 42%, еуро – 32%, қытай юані – 1,47%, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кувейт динары

Долларға шаққанда ($3.30) әлемдегі ең қымбат валюта – Кувейт динары (KWD). Бұл валюта 1961 жылы пайда болған.

Бахрейн динары

Бахрейн мұнай экспорты бойынша көшбасшы елдер қатарында.


Оман риалы

Омандағы негізгі салалар – газ бен мұнай және туризм. Тиісінше Оманның риалы ең қымбат валюталардың қатарына жатады. 


Британ фунты

Британ фунты – Еуропада теңгеге шаққанда ең қымбат валюта.

 
Еуро

Еуро – резерв бойынша доллардан кейінгі екінші валюта.


Швейцар франкі

Швейцарияның франкі әлемдегі ең қауіпсіз валюта деп танылған. 

АҚШ доллары

АҚШ доллары – айналымда ең жоғары көрсеткіштерге ие валюта.

Австралия доллары

Ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша көшбасшы ел саналатын Австралияның валютасы әлемдік шикізат бағасына тәуелді.

 Ливия динары

Бұл елдің валютасы мұнай бағасына тәуелді.

Сингапур доллары

1 SGD = 0,73 USD. Шығыс елдерінің арасында теңгеге шаққанда ең қымбат валюта.

Канада доллары

Канадалық доллар Канаданың ресми валютасы саналады. Резерв жағынан әлемде бесінші орында тұр. Алғаш рет айналымға 1858 жылы енген. 1871 жылы Канаданың ресми валютасына айналды. Ол 100 центтен тұрады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: