Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды

5 Қаңтар, 10:53 1466

Жапонияның және әлемдегі ең қарт адам Томико Итоока 116 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Итоока 29 желтоқсанда қайтыс болды. Ол әлемдегі ең қарт адам атағын 2023 жылдың желтоқсанында 116 жастағы жапониялық Фуса Тацуми қайтыс болғаннан кейін алған еді.

Рекордтар Гиннесі кітабы оған 2024 жылдың қыркүйегінде ресми түрде ең қарт адам мәртебесін берді.

Қазір әлемдегі ең қарт адам – ​​116 жастағы бразилиялық Ина Канабарро Лукас.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: