Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы Әлем Кубогы кезеңінде отандасымыз Эмиль Ахмеджанов қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз еркін жаттытуда 13.800 ұпай жинады. Бұл сында болгариялық гимнаст Эдди Пенев 14,366 балл жинап алтыннан алқа тақса, күмісті мажарстандық Ботонд Молнар (13,833 балл) жеңіп алды.
Осы бағдарламада фаворит саналған армениялық Артур Давтян жүлдесіз қалып, 6-сатыдан көрінді. Жалпы бұл жарысқа 24 елден 150 спортшы жиналған. Алдағы әлем кубогының кезеңдік сындары Тель-Авив, Осиек, Мерсин, Сомбатхей, Париж қалалаорында күзге дейін жалғасады.