Әлем кубогінде түркістандық тоғызқұмалақшылар екі медаль жеңіп алды

20 Шілде, 08:45 772
Чехия мемлекетінің Пардубице қаласында 11-19 шілде күндері тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем кубогы өтті. Зияткерлер бәсекесіне әлемнің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар жиналып, бас жүлдеге таласты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дүбірлі додады Түркістан облысының спортшылары 1 алтын, 1 қола медаль еншіледі. Атап айтқанда, әйелдер арасындағы блиц бағдарламасында Аружан Салман барлық қарсыласын жеңіп, алтыннан медальға ие болды. Өңір мақтанышы Әсел Далиева қола медаль алды.
Айта кетейік, қос спортшы да Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірттері.
Перизат Саденова
Бөлісу: