Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) чемпиондық атағын екінші рет қорғау алдында спарринг-сессия өткізуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Prosports.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz хабарлайды.
Спаррингтің үшінші аптасы басталды! Бұйыртса, осы аптаның соңында 12 раундтық спарринг жасаймыз. Аллаға шүкір, барлығы ойдағыдай өтіп жатыр. Әлем чемпионы титулын сәтті қорғап, көк ту желбіреген күнде жүздесейік! – деп жазды 30 жастағы боксшының командасы әлеуметтік желіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жәнібек Әлімханұлы 13 мамыр күні Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) канадалық Стивен Батлерге (32-3-1, 26 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, әлем чемпионы белбеуін екінші рет қорғайды.