Әлем чемпионатының жетінші күнінде төрт қазақ боксшысы сынға түседі

7 Мамыр 2023, 11:20 1080

Ташкентте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында 7 мамыр күні қазақстандық 4 боксшы сынға түседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астана уақытымен сағат 15:00-де басталатын күндізгі жарыста 51 келіде Сәкен Бибосынов үндістандық Дипак Кумармен шеберлік байқасады. Ал 57 келідегі павлодарлық Серік Теміржанов мажарстандық Роланд Верешпен өзара мықтыны анықтайды. 

75 келіде Нұрқанат Райыс- доминикандық Дельгадо де лос Сантоспен айқасқа шығады.  

Бұдан бөлек, 19:00-де басталатын кешкі сессияда аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев сириялық саңлақ Мохаммед Млайеспен оныншы жекпе-жекте шаршы алаңға шығады.

Кеше 67 келіде мамырда  ел намысын қорғаған Дулат Бекбауов румын спортшысы Андрей Мустетті жарыс жолынан шығарса, ұлттық құрама капитаны 71 келідегі Асланбек Шымбергенов Тринидад және Тобаго елінен келген Аарон Принсті алғашқы жекпе-жегінде ұтты

Асқар Таудай
Бөлісу: