Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов допинг қабылдағанын мойындады

2 Тамыз, 18:25 2056

Әлем чемпионатының жүлдегері ауыр атлет Алмас Өтешов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында жан сырымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол допинг деген дәрі жоқ екенін айтады.

Допинг деген дәрі жоқ. Аспирин ішсең де ол допинг болып саналады. Бірақ оның ішінде тестостерон бәрін салады. Допингті тексеретіндермен біздің министрлік келіседі. Ақша бәрі. Бізді тексеруге келгенде «двойник» деген болады бізде. Менің «двойнигім» Айдос деген мысалы інім болды. Алмас Өтешов болып ол тест тапсырады. Илья Ильиннің ағасы бар – Алексей тапсырады. Олар таза болып шығады. Бәрі жемқорлық, – деді Өтешов.

Ауыр атлеттің сөзінше, препарат көп – тестостерон, пропианат, тернобол, таблеткалар, гармональды таблеткалар. Ол зілтемірді онсыз көтеру мүмкін еместігін айтады.

Илья Ильиннің де допинг қабылдағаны өтірік емес. Бәріміз допинг қабылдадық. Дәріні өзіміз болып ішпейміз. Медициналық жауапты маман, аға бапкер, бас бапкер бар. Солар бізге береді. Бәріне кінәлі Алексей Ни. Соны соттау керек. Қазір қайда ол? Жоқ. Бәрін істеген сол, – дейді Өтешов.

Оның сөзінше, ұлттық құрамадағы допинг дауының көбі Алексей Ни бас бапкер кезінде болған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: