Аргентина құрамасы Хорватияны 3:0 есебімен жеңіп, Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шабуылшы Лионель Месси 34-минутта пенальтиде есеп ашты. Месси үшін бұл гол оның мансабындағы әлем чемпионаттарындағы 11-ші голы болды. Ол Габриэль Батистутаны басып озып, турнирде гол соғу бойынша ұлттық құраманың жаңа рекордын орнатты.