Әлем чемпионаты: Тағы бір боксшы қызымыз ширек финалға өтті

Кеше, 23:36 332

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір спортшымыз ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

66 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы қызымыз Жасмин Кизатова Париж Олимпиадасының қатысушысы, Кабо-Верде өкілі Ивануса Морейраны жеңді. 2-раундта жерлесіміз қарсыласын нокдаунға жіберіп үлгерді. Есеп - 5:0.

Ұлттық құрама спортшысының 1/4 финалдағы қарсыласы - ресейлік Альбина Молдажанова.Жекпе жек 13 наурызда өтеді.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: