Бокстан Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалы өз мәресіне жетті. Енді ертең Астана уақыты бойынша 21:00-де финалдық бәсекелер өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
48 келі
Юлия Чумгалакова (Ресей) - Назым Қызайбай (Қазақстан)
2 дүркін Еуропа чемпионы (2019, 2024). 2023 жылы әлем чемпионатына қатысып, 1/8 финалда өзге жерлесіміз Алуа Балқыбековаға есе жіберген.
50 келі
Ху Мэйи (Қытай) - Алуа Балқыбекова (Қазақстан)
Алғаш рет әлем чемпионатының жүлдесін алды. 2022 жылы Астанадағы «Elorda Cup» халықаралық турниріне қатысып, алғашқы айқасында Гүлнар Тұрапбайдан жеңілген.
60 келі
Виктория Графеева (Қазақстан) - Нунэ Асатрян (Ресей)
2024 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.
63 келі
Тананья Сомнуек (Таиланд) - Аида Әбікеева (Қазақстан)
Париж Олимпиадасының қатысушысы, 2024 жылғы Азия чемпионатында қос боксшының жолы түйісіп, Аида басым түскен.
+81 келі
Чжан Илянь (Қытай) - Елдана Талипова (Қазақстан)
Алғаш рет әлем чемпионатының жүлдесін алды.