Әлем чемпионаты. Махмұд Сабырхан - жартылай финалға өткен төртінші боксшы

10 Мамыр 2023, 20:11 1324

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан (54 келі) жартылай финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кешкі сессияда ел құрамасынан рингке екінші болып Махмуд Сабырхан көтерілді. Ол ганалық ганалық Мохаммедо Амадумен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта төрешілер Махмұдтың басымдығына қолдау білдірді. Екінші раундта ол жылдам әрекетімен жеңіске жақындай түсті.

Нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыласын қапы қалдырып, жартылай финалға жолдама алды.

Махмұд Сабырхан 2021 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегері екенін айта кетейік.

Енді А рингінде 8-жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен сынға түседі.

Сондай-ақ Б рингіндегі 14-жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.

Берік Арманов
Бөлісу: