Әлем чемпионаты: Боксшы Аслан Еділбайұлы 1/4 финалға өтті

25 Қазан, 23:09 555

Будвада өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Аслан Еділбайқлы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аса ауыр салмақта дәрежесі бойынша сынға түскен қазақ спортшысы қытайлық боксшымен жұдырықтасты. Кездесу екінші раундта тоқтатылды. 

Отандасымыз 1/4 финалға өтті. Енді Аслан Еділбайұылы 30 қазан күні Қырғызстан боксшысымен кездеседі.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: