Әлем чемпионаты: Боксшы Анита Адишева жарыс жолынан шығып қалды

Бүгiн, 02:23 156

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде отандасымыз Анита Адишева бірінші айналымнан аса алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 52 келі салмақ дәрежесіндегі боксшымыз 1/16 финалда мексикалық Патино Хураезке 3:4 есебімен есе жіберді.

19 жастағы аруымызға бұл тартысты айқас үлкен тәжірибе беріп, алдағы бәсекелерде биік шыңнан көрінетініне сенімдіміз,-деп атап өтті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

 

Асқар Таудай
Бөлісу: