Әлем чемпионаты: Әйелдер күресінен қазақстандық спортшылардың қарсыластары белгілі болды

23 Қазан, 02:35 854

Бүгін 23 қазанда Тиранада 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында әйелдер күресі басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентттігі.

Спортты дамыту дирекциясы қазақстадық спортшылардың алғашқы қарсыластарының тізімін ұсынды.

Олар:

 50 кг: Лаура Ғаниқызы - Зехра Демирхан (Түркия) / Зейнеп Чабки (Марокко)
 55 кг: Айнұр Әшімова - Отгонтуя Баянмух (Моңғолия)
 59 кг: Гүлдана Бекеш - Химека Токухара (Жапония)
 68 кг: Бейбіт Сейдуалы - Бруклин Хайс (АҚШ) / Алиа Неоэль Никкель (Канада)
 76 кг: Алина Ертөстік - Елена Макойед (АҚШ)

Жарыс 50, 55, 59, 68 және 76 кг салмақ дәрежелерінде өтеді.

Зарина Арман
Бөлісу: