«Әлем аруы» байқауында Никарагуа өкілі жеңіске жетті

19 Қараша 2023, 14:40 1049

Никарагуалық 23 жастағы Шейннис Алондра Паласиос Корнехо сенбі күні кешке Сальвадорда өткен 72-ші халықаралық «Әлем аруы» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екінші орынды Таиланд өкілі, 27 жастағы Аннтония Порсильд иеленді. 

«Әлем аруы» — жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық конкурс және әлемдегі ең беделді сұлулық байқауларының бірі. Биыл оған 80-нен астам елден жиналған қыздар қатысты. 

Шейнис Паласиос «Әлем аруы» атағын жеңіп алған Никарагуадан шыққан алғашқы әйел атанды.

Айта кетейік, «Әлем аруы» байқауына Қазақстан атынан алматылық 20 жастағы Томирис Заир де қатысты.

Алты тілде сөйлейтін Томиристің бойы 179 сантиметр, салмағы 52 келі. 

Асқар Таудай
Бөлісу: