Александр Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісі бойынша сабақ жоспары

18 Қаңтар 2015, 12:02

Оқушылардың бірлескен жұмыстарға қалайша тартылғанын көрсететін сабақ жоспары

Сабақтың мақсаты: Ертегідегі бағы өскен сайын, өкімі жүрген сайын өршелене түсетін қанағатсыз, парықсыз балықшы кемпірі, оның шалына, алтын балыққа жасаған астамшылығы, қиянаты. Өрескел іс-әрекеті мен қомағайлық пиғылынан тартқан сазайы. Ертегіден шығатын адамгершілік мәселері.

Күтілетін нәтижелер: Жұпта өз ойын жеткізеді. Өз бетімен жұмыстануға үйренеді.Кейіпкердің рөліне енуге, сезінуге үйренеді.Сөйлеу мәдениеті қалыптастады. Өзін-өзі бағалауға үйренеді.

Сабақ түрі: Қорытынды сабақ.

Тапсырмалар: Сурет салу,топта диолог құрау арқылы қойылым қою

 

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Смайликтер арқылы топқа бөлу.

      Суреттің талапқа сай боялуы-1 балл

      Мазмұнды болуы-2 балл

      Оқушының баяндау шеберлігі-3 балл

                      /жұпта/

Сөйлейді менің суретім...

/үй тапсырмасын тексеру, жұпта талдау арқылы өзін-өзі бағалау/

 

Әр топты шоғырландыру үшін смайликті бір оқушы көрсетеді де, топ мүшелерін жинайды.

Тұсаукесер

 

-Адамгершілік қасиеттерді ашып әрі жақсылыққа жетелеуде қандай нәрседен жиренуді, неден үйренуге шақырған қай ақынның өлеңін еске түсіреді?

 «Ғылым таппай мақтанба»  еске түсіріп, топқа бөлу.

/талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым/

Сұраққа жауап береді.

Негізгі бөлім

  • -Бізде қонақта Кемпір, Шал , алтын балық  /ертегідегі іс-әрекеттері көрініс көрсетеді/
  • -Ел ішіндегі әңгімелесу Кемпірдің астамшылдық көрсетуі туралы топта ойлар айтады.
  • -талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым осы оқиғадан кейін кездесіп бас қосқандағы  әңгімелерін өз өлшемдерімен бағалап ұсыныс айтады.

         5 балл

/Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау/

 

20 мин

Диалог құрастырады,

рөлдерде ойнайды

Қорытынды

Мен егер / кемпір, шал, алтын балық/ болсам.....

«Тілек шеңберінде алтын  балыққа тілек айту»

 

 

 

 

Сабақ бойынша өзгертулер: Тәжірибемнен  осы әдіс-тәсілдер алдағы уақытта да орын алатын болады. Дарынды оқушыларыммен жеке жұмыстануым керек. Себебі, жетекші, топ басшысы етіп жұмыстандырғанмын. Алдағы сабақтарымда ескеремін.

Тәжірибелік сабақты бағалау: Тәжірибелік сабақты бағалауда сабақта мақсатыма жеттім. Себебі, бір-екі тәсілмен ғана жұмыстануда  күтілетін  нәтиже  қамтылды.

Сабақтың өзіндік талдауы

Кіріспе бөлімінде смайликтер арқылы топқа бөлінді.

Сабақта мейлінше өзімді еркін сезінуге тырыстым. Сабақ жоспарын құруда еш қиналмадым.

Сөйлейді менің суретім... деген үй тапсырмасын тексеру, жұпта талдау арқылы өзін-өзі бағалау    әдістері арқылы жүргізілді. Оқушылар қызығушылықпен баяндады. Сыныптағы орыс тілді оқушынының жұмысын өзім тыңдап бағаладым. Зерттеуге алған оқушыларымды анықтау мақсатында толық сыныпқа тыңдаттым. Суреттерін мен ойлағаннан әлдеқайда жоғары деңгейде баяндап берді. Үй тапсырмасын бағалауда оқушылар түгел бағаланды. Сәтті  шықты.

Негізгі бөлім

Диалогтік оқыту мен рөлдік ойындар арқылы өткіздім.Әр топқа төмендегідей тапсырмалар берілді. Топта зерттеушілік-әңгіме қызу жүргізілді.

         -Бізде қонақта Кемпір, Шал , алтын балық  /ертегідегі іс-әрекеттері/

         -Ел ішіндегі әңгімелесу Кемпірдің астамшылдық көрсетуі туралы

         -талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым осы оқиғадан кейін кездесіп бас қосқандағы  әңгімелері

        

Сабақтағы бірлескен жұмысқа оқушылар өте жақсы қатысты,оны оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың орнауынан, оқушылар белсенділігінен байқадым.

Ой  білдіруде де тартынбады. Ойларын еркін жеткізе білді. Дарынды оқушыға бөлек тапсырма әзірлеген жоқпын,

Топ мүшелерінің қамтылмай қалмауын көшбасшылықпен реттеп отырды.

Еркіндік берсек,саналы түрде түсініп, әрекет ете алуын көріп, қаншама мүмкіндіктерді пайдалана алатындығымызға көзім жетті. Ынтамен жұмыстанды. ол өз жұмысын жоғары деңгейде көрсете білді. Өз үлесін қоспай отырған оқушы болмады.оның Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалауда оқушылар әділ бағалауға қол жеткізді. Ой  білдіруде де тартынбады.

-Жалғас, негізгі бөлімде « Бізде қонақта Кемпір, Шал , алтын балық» ертегідегі іс-әрекеттерді сахналауда, 2 -топ тамаша қойды. Дегенмен, автордың сөздерін айтқанда Төреханда кідірістер болса, кемпірдің рөлінде Жанеркеге қаталдық қасиет жетіспеді – деген саралаумен өздері бағалап ойларын еркін жеткізе білді.

-Төрехан бұл сенің қателігің емес, сыныптың ұсынысы- деп қабылда, сен үнемі осылай қатысып отырсаң, әлі де жақсы рөлге ене алатын боласың- деп түсіндірме беріп  кеттім.

Бұл бағаларды сабақтың әр кезеңінен кейін  оқушының сабаққа қатысу деңгейін саралап, топ мүшелерінің қолдауымен ақылдаса, біріге отырып қояды. Бір ескерері балалар бірін-бірі бағалауға өте үлкен жауапкершілікпен қарады, бірін-бірі қолдап, ескертулер жасайды. Мысалы, осы сабағымда, ынтамен жұмыстанса да, зерттеуге алған оқушым, Інжу топ мүшелерін негізгі бөлім бойынша  диалогтік оқыту мен рөльдік ойындар  құруды бағалауда,  «4» деген бағамен бағалады. Төмен бағалауыңыздың себебі, неде?- деп сұрадым. Себебі, критерий бойынша бағалауда өзімізге берілген рөлдерде дұрыс ойнай алмадық, топ мүшелері де келіседі деді. Оқушыларда критериалды бағалау мен топтық бағалау дағдылары қалыптасып келеді.

Қорытынды

Мен егер / кемпір, шал, алтын балық/ болсам..... атты толғаныс сәтінде оқушылардың  стикерге өзіндік көзқарасын  байқадым.

«Тілек шеңберінде алтын  балыққа тілек айту» кезінде оқушының болашақта бір-бірінен не күтетінін ашық түрде айтып жатқандығы  оқушының жеке танымдық қасиеттерін, жан дүниесін  басқа қырынан ашып көрсетті.

Бөлісу: