Александр Бубликтің 1/2 финалдағы қарсыласы анықталды

16 Шілде 2022, 14:32 1742

Турнирдің жалпы жүлде қоры 600 мың доллардан асады

Аустралиялық теннисші Джейсон Кублер Ньюпорттағы ATP 250 турнирінің ширек финалында отандасы Джеймс Даквортты жеңді,  деп хабарлайды El.kz сайты Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Д.Кублер 7:5, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 9 минутқа созылды.
Енді Джейсон Кублер жартылай финалда қазақстандық Александр Бубликпен ойнайды. Бублик бұған дейін Үлкен шлем турнирінің үш дүркін жеңімпазы аустралиялық Энди Марреяны жеңген еді.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 600 мың доллардан асады.

Бөлісу: