Александр Винокуров Азия чемпионы атанды

9 Маусым 2023, 21:30 614

Олимпиада чемпионы, Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Таиландта өткен турнирде ол 50+ жас тобында Masters санатында өнер көрсетті. Винокуров 15 шақырымды 20 минут 6 секундта бағындырып, ізкесуде үздік нәтиже көрсетті. Осы жас санатында күміс жүлде тағы бір қазақстандық Алексей Абраменкоға бұйырды – 22 минут 25 секунд.

45-49 жас санатында екінші орынды қазақстандық Вадим Ежаков иеленді – 21 минут 46 секунд.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: