Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров +50 санатындағы әлем біріншілігінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Astana Qazaqstan Team баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров Глазгода өткен әлем чемпионатында 50+ категориясы бойынша жарыста топ жарып отыр. Отандасымыз өз санатындағы сында барлық қарсыластарынан басып түсіп, мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті.
Аталған сында екінші орынды испаниялық Рауль Патино кесіп өтсе, Адриан Яш үшінші орынға ие болды.