Қазақстан ерлер құрамасының теннисшісі Александр Бублик Финиксте (АҚШ) өткен Challenger турнирінің финалында қарсыласына жол берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтық сында отандасымыз бразилиялық Жоао Фонсекамен кездесті. Тартысты бәсекеде Бразилия спортшысы мықтылық танытып, 7:6 (5:7), 7:6 (0:7) есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, қос спортшы бірінші рет өзара матч өткізді.