Александр Бублик Дубайдағы турнирдің жартылай финалында сенсация жасады

1 Наурыз, 21:25 968

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 23-ші орында тұрған Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің бесінші ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевті 6:7 (4), 7:6 (5) есебімен ұтты. Үшінші сетте қазақстандықтың пайдасына 6:5 есебімен Рублев саптағы төрешіге балағат сөздер айтқаны үшін жарыстан шеттетілді.

Қос теннисші кортта 2 сағат 31 минут ойын өткізді. Кездесу барысында Александр Бублик 21 эйс жасап, 6 қос қателік жасады. Ал Рублев 9 сервті 2 қос қатемен орындады. Нәтижесінде қазақстандық спортшы финалға шықты. Бұл матчта Алексанрд Бублик Даниил Медведев (№4, Ресей) – Уго Гумберт (№18, Франция) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: