Александр Бублик Австралиядағы турнирдің екінші айналымына жолдама алды

11 Қаңтар, 11:24 1066

Әлемнің 31-ракеткасы қазақстандық Александр Бублик Австралияның Аделаида қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнирдің бастапқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның бірінші ракеткасының қарсыласы ATP рейтингінде 278-орында тұрған 20 жастағы австралиялық Джеймс Маккейб болды. Матч 1 сағат 18 минутқа созылды. Бублик 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Оқи отырыңыз: 

Екінші айналымда Александр матчтың жеңімпазымен кездеседі, онда австралиялық Ринки Хидзиката (әлемнің 70-ракеткасы) және британдық Даниэль Эванс (әлемнің 40-ракеткасы) өзара кім мықтыны анықтайды. 

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: